Денсаулық

Қысқы серуеннің пайдасы мен зияны

Қысқы серуеннің жүйке жүйеңізге пайдасы зор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыс мезгілі – нағыз денсаулықты нығайтуға арналған уақыт. Үйдегі жылу мен ауладағы салқын ауа арасындағы байланыс денені қуаттандырады. Мұндай ауа-райда серуендеу көңіл-күйді көтеріп ғана қоймай, тамырларыңыздың жаттығуына да әсер етеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жалпы тәжірибелік дәрігер Лариса Алексеева Sputnik радиосына берген сұхбатында қысқы ауа-рай адам денсаулығына қалай әсер ететіні жайлы айтты.

"Минус 15-17 градус температурада иммундық жүйеміз ғана емес, сонымен қатар жүйке жүйеміз де жақсарады. Денсаулығымыз нығайып, көңіл-күй көтеріледі. Одан бөлек қыста вирус аз таралады",- деп түсіндірді ол.

"Мұндай ауа – райында көңіл-күй мен денсаулықты бірқалыпты сақтаудың жолы – жүгіру. Бірақ жүгіріп жүрген кезіңізде бір жерге кіріп шәй ішіп, одан кейін өзге жылынатын орынға баруды ұмытпаңыз. Әйтпесе, суық тидіріп алуыңыз мүмкін",- деп сөзіін қорытындылады Лариса.