COVID-19

Коронавирустың жаңа түрі анықталды

Мутация бұл жолы Америкадан шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тағы Калифорния штатының ғалымдары коронавирус инфекциясының жаңа түрін анықтады. Оған CAL.20C деген атау берді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тіпті ғалымдар инфекцияның бұл нұсқасы 2020 жылдың шілдесінде пайда болған деп болжайды. Бірақ қарашаға дейін баяу таралып, тек соңғы екі айда жиі жұға бастады.

“Бұл мәселе бізге Еуропадан келген жоқ, өз елімізден шығып отыр. Мутация, расында, Америкадан шықты. Мереке қарсаңында тез таралып кетуі де қалыпты жағдай”, - деді Лос-Анджелес медициналық орталығының қызметкері Жасмин Палмер.

Вирус Covid-19-дан қауіпті ме, жоқ па, әлі белгісіз. Әлі талай зерттеуді қажет етеді.