Әлем жаңалықтары

«Ұйғырларға қарсы геноцид»: Бейжің АҚШ-қа қатаң жауап қатты

Бейжің Помпеоны сайқымазаққа теңеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ мемлекеттік хатшысын сайқымазаққа теңеді. Ал оның Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы ұйғырлар геноцидіне қатысты мәлімдемесін “ғасыр өтірігі” деп атады.

Бұл туралы қытайлық дипломат 20 қаңтарда Бейжіңде өткен брифинг барысында айтқан деп жазады Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

“Соңғы бірнеше жылда Помпео өтіріктің түбін түсіретін болып жүр. Бұл жолғы мәлімдемесі де сол мәнсіз өтіріктерінің бірі ғана. Әлемге әйгілі саясаткер-сымақ өзінің кезекті өсегі арқылы бүкіл әлемнің күлкісіне қалды, нағыз сайқымазақ па дерсің”, - деп келтірді Хуа Чуньиннің сөзін РИА Новости.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео “Қытай билігі геноцид саясатын тоқтатпады, мұсылман халықтарын құртып жатыр” деп мәлімдеген.

Майкл Помпеоның айтуынша, қытай билігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы мұсылман халықтарды жүйелі түрде жою саясатын ұстанып отыр.

"Қытай билігі зұлым саясатын әлі тоқтатқан жоқ. Мұсылман халықтарын көз алдымызда жойып жатыр", - деп мәлімдеген еді Майкл Помпео.