Bugin
Адам құқығы тапталып жатыр
Жапония билігі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы мұсылман халықтарына қысым жасау саясатын құптамайды. Мұны жапон үкіметінің баспасөз хатшысы Като Катсунобу мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Nippon-ге сілтеме жасап хабарлайды.
"Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы жағдайды көріп отырмыз. Адам құқығы тапталып жатыр. Бұған біз алаңдаушылық білдіреміз. Әрі қытай билігіне мұны қатаң түрде ескертеміз", - деді Катсунобу.
Айта кеткен жөн, 19 қаңтар күні АҚШ мемхатшысы Майк Помпео Қытай геноцид саясатын тоқтатпай отыр деп айыптап мәлімдеме жасаған еді.
Сондай-ақ, АҚШ үкіметі қытай билігіне салатын санкцияны күшейтетінін жеткізген.