Әлем жаңалықтары

Джо Байден ресми түрде президент атанды

Ол ұлықтау рәсімінде халыққа ант берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Джо Байден ресми түрде АҚШ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Мен, Джо Байден, Америка Құрама Штаттарының президенті міндетін адал атқаруға және АҚШ-тың Конституциясын қолымнан келгенше қолдауға, күзетуге және қорғауға салтанатты түрде ант етемін», - деп ұлықтау рәсімінде ант етті.

АҚШ-тың жаңа президенті бар көңілімен бірлікке ұмтылатынын айтып, америкалықтарды да соған шақырды.

«Барлық мәселені шешу үшін, көңілімізді жайлы етіп, Америка болашағын қамтамасыз ету үшін құр сөз ғана емес, әрекет ету де керек. Мен қазір Американы нығайтуды, халқымызды, ұлтымызды біріктіруді қалаймын. Мен әрбір америкалық осы мүдде үшін маған қосылуын сұраймын», - деді ол ұлықтау рәсімінде.

Байденнің айтуынша, оның басшы болып сайланғаны демократияның жеңіске жеткенін білдіреді. 

«Бұл – Америка күні, бұл – демократия күні. Тарих пен жаңаруға арналған күн. Біз бүгін кандидаттың емес, бір мақсаттың жеңгенін атап өтеміз. Ал ол мақсат демократия. Халықтың қалауы орындалды. Біз тағы да демократияның бағалырақ екенін ұқтық. Міне, достар, бүгін демократия жеңіске жетті», - деді Байден.