Денсаулық

50+ арналған спорт түрлері

50, 60, 70 жастан асқан адамдарға қандай спортпен айналысқан жөн?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әсіресе 50 жастан кейін физикалық қабілет айтарлықтай төмендейді. Жиі ауырсыну, жайсыздық, қант диабеті, созылмалы ауру түрлері байқалады. 

Шешімі – кемінде аптасына 2 рет күш түсіретін жаттығу жасау. Ол бұлшықет массасын сақтауға көмектеседі. 

Қызық дерек: 50 жастан кейін адам бұлшықет массасының шамамен 12-14%-ын жоғалтады. 

Сондай-ақ, аптасына 2 мәрте кардио жаттығулармен шұғылдану керек. Мысалы жеңіл атлетиканың бір түрі «спорттық жүгіру». Баяу қимылдармен терең тыныс алуды қамтитын ежелгі қытай практикасы «тай-чи». Йога, пилатес, стретчинг сынды созылу жаттығуларының да пайдасы орасан зор. 

 

60 жастан кейін денсаулыққа өзгеше күтім керек. Мамандардың айтуынша, бұл жастағы ең тиімді физикалық белсенділік – бал билері. 

 

Қызық дерек: бал бишілері расында өте сымбатты, тіпті арық болу керек (орта есеппен алғанда 50 келіден аспайды)

Қосымша аптасына 2 рет күш пен икемділікті дамытуға арналған қарапайым жаттығулар жасауға кеңес береді.

 

Су аэробикасы – жақсы таңдау. Өйткені суда жаттығу арқылы бұлшықеттерді нығайтуға болады. Ал буындарға салмақ түспейді.

Қызық дерек: 72 келі адам бір сағаттық су аэробикасымен айналысып шамамен 402 калориядан айырыла алады.

 

70 жастан асқанда белсенді болу маңызды. Қауіпті жарақаттан абай болған жөн. Белсенділіктің арқасында танымдық қабілетіңіз бұрынғы қалпында сақталады.

Бұл жаста дәрігердің кеңесіне құлақ асу аса маңызды. Қалыпты жағдайда таза ауа жұтып, демалып, жеңіл жаттығулар жасаған денсаулыққа оң әсерін тигізеді. 

Қызық дерек: 70-тен асқан адамдардың ерекше жоспар құруға немесе кітап жазуға мүмкіндігі көбірек.