COVID-19
Ол Маңғыстау өлкесінің тумасы еді
Елімізде вакцина салдырған бір адам қайтыс болды. Өлім жайлы Денсаулық сақтау министрлігі өлім жайлы хабарламаға жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады.
"Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестен өтіп және вакцина салдырған соң көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!", - делінген хабарламада.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы хабарламаға пікір білдірді.
"Биыл 19 қаңтарда 1978 жылғы ер адамның қан қысымы жоғарылап, салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай вакцинация алған жоқ", - деді ол.
Байтанаев бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына әкелінбегенін атап өтті. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған екен.