Саясат
Дональд Трамп Ақ үйден кетер алдында Джо Байденге арнайы хат қалдырғанын. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Президенттікке келген алғашқы күні жарлықтарға қол қойғаннан кейін мінберде сөйлеген Байден Трампқа құрмет таныта отырып, жеке хаттың мазмұнын, онда не жазылғанын жарияламайтынын айтты.
«Трамп маған өте ерекше хат жазды. Бұл жеке дүние болғандықтан, мен онымен (Трамп) сөйлеспейінше хатта жазылған нәрселер туралы айтпаймын», - деді Байден журналистерге.
Трамптың аға көмекшісі хаттың жеке естелік екенін ескертіп, елдің болашағына деген алаңдаушылық көңілмен жазылғанын да айтты.
2017 жылдың қаңтарында бұрынғы президент Барак Обама дәстүр бойынша Дональд Трампқа осындай хат қалдырған еді. Трамп Обаманың хатынан әсер алғаны соншалық, инаугурация күні хатты оқыған бойда оған қоңырау шалуға тырысты.Тікелей сол сәтте телефон қоңырауымен байланысқа шыға алмағанымен, Обаманың көмекшілері арқылы байланысқа шыққан еді.
Ал кейінірек Трамп Ақ үйде Обаманың хатын көрсеткен еді.