Bugin
Түркияның саясаты мысал
Этнограф ғалым Аманжол Қалыш қазақстан азаматтарының барлығына төлқұжатына "қазақ" деп жазылуына мүмкіндік беру керек дейді. Ғалым бұл жайлы қазақ халқының құрамына енген өзге этностар туралы монографиясын таныстыру кезінде айтты. Мұны Bugin.kz платформасы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымның айтуынша, Қазақстанның оңтүстігінде қоныс тепкен кейбір этнос өкілдеріне бұл аймақ тарихи отанына айналып кеткен. Өйткені олар көне заманда қоныс аударғандар.
"Әрі "қазақ" боп жазылғысы келетіндер көп. Алайда шенеуніктер бұған рұқсат етпейді", - дейді зерттеуші.
Бірақ ғалымның айтуынша, Түркия бұл мәселеге қатысты біршама түзу саясат жүргізген. Билік өзге этностардың "түрік" болып жазылуы үшін қолдау көрсеткен екен. Содан грек, күрд және армян тамырлас халықтар қазір түрік болып кеткен.