Weekend
Ай кез келген әскери операциялар жүргізуге тыйым салынған халықаралық аумақ деп танылғанын біліп пе едіңіз?
Саналы адамға ай беті кратерлерден тұратын, өзінен жарық шығармайтын, жерге ең жақын орналасқан аспан денесі ғана. Шын мәнінде, ислам дінінің символына айналып кеткен көк тәңірінің түнгі шырақшысы туралы білетініміз аз. Айта кетсек, 1610 жылы белгілі ғалым Галилео Галилей Айды алғаш телескоп арқылы зерттеп, оның атауын береді. Ғылымда Крелон, Крона, Аврон және Муад’Диб деп айдар тағылған серікті, халқымыз күні бүгінге дейін "ай" деп атайды.
«Ай көрдік, аман көрдік, бұрынғыдай заман көрдік»."Жаңа айым жарылқа, ескі айым есірке".Бұл сөздерді үлкендер аузынан жиі естиміз. Ести тұра, қазақ халқының аймен тілдесіп, амандық сұрауының сырынан да бейхабар екеніміз де рас.Шаң-тозаңнан құралған жердің жалғыз серігіне қарап болжам айту әбестік көрінгенімен мәнді себебі де жоқ емес.
Қазақта «Ай толған сәтте жолға шықпа» дейтін ырым бар. Оның бастауы да сүннетке тіреледі. Пайғамбарымыз ай толғанда үш күн ораза тұтуды өсиет еткен. Өйткені жер бетіндегі сулардың тасуы мен қайтуы айдың толуы мен семуіне байланысты екені белгілі. Құрамы 80 пайыз судан тұратын адам қаны да ай толғанда тасуға бейім тұратынын қазіргі медицина дәлелдеп отыр. Сондықтан ай толған шақ – адамдардың қаны тасып, жүйкесі сыр беріп тұратын жайсыз кезең саналады.
Халқымыз айдың ыңғайына қарап-ақ келер күннің райын бағамдап отырған. Мәселен, ай шалқайып туса, өзіне жайлы, бізге жайсыз туыпты деп суық күннің, қолайсыз ауа райының болуын сезген. Қазіргі ғылым ай сәулесі мен оның толу мерзімі адам психологиясына әсер етеді деп дабыл қағуда. Ертеректе түндіктен түскен ай сәулесі жас сәбиге түспеуін қадағалаған бабаларымыз оның тылсым тартылысынан да хабардар болса керек. Айға сәлем беру ғұрпы туралы Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», - деп жазды. Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Айға байланысты рәсімнен бөлек, ұлтымыздағы "Айың оңыңнан тусын" деген игі тілектің өзінде мол мағына бар сияқты.
Ал, ай бетіндегі соғысқа келетін болсақ, Nasa өздері қонған ай аумақтарын әскер тұрмақ, туристерден сақтандырып қойғаны мәлім болды. Ведмство мүшесі Роберт Келсо бұл әрекеттерін адамдардың болашақ тұрағын қорғау мақсатында жасадық деп түсіндірді. Келесі мақала дәл осы айды сатып байыған азаматтарға арналмақ.