Hi-Tech
Смартфон корпусында жасырын камера орнатылды
Мұндай идеяны Xiaomi компаниясы ойлап тапты деп жазады Bugin.kz платформасы нидерландық LetsGoDigital басылымына сілтеме жасап.
Басылым журналистері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (WIPO) кіруге мүмкіндік алды. Ал мамандар смартфонға “жасырын камера” орнатудың тиімді жолын атады. Айтуларынша, мұндай құрылғы корпустан артық орын алмайды әрі гаджет экранындағы ойықтарды жояды.
Құжатқа сәйкес, камера экранның жоғарғыы тұсына бағытталған бірнеше объективтен әрі айналар жүйесімен шағылысатын элементтен тұрады. Суретке түсірер кезде айналары бар модуль электр қозғалтқышының көмегімен смартфон корпусынан шығарылады да қолданушыға қажетті бағытқа қарай жылжиды. Осылайша камера фотосуреттер мен видеоларды кез келген бағытта түсіре береді.
2020 жылдың күзінде LetsGoDigital басылымы камерасы жылжитын Xiaomi смартфонының бірнеше фотосуретін көрсеткен.