Денсаулық

Адам өмірін ұзартатын сусынның барын білдіңіз бе?

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын шырын бар екенін анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зерттеулерге сүйенсек, анар шырыны адам өмірін ұзартып қана қоймай, онкологиялық аурулардың да алдын алады екен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдар анар шырынының мұндай қасиетін анықтау үшін тәжірибені жеміс шыбындарына жасап көрді. Нәтижесінде, жәндіктің өмір сүру ұзақтығы 8 пайызға артқан. Әрі шырынды ішкен жәндіктің белсенділігі күшейген.

Мамандар анар шырынында жасушалардағы митохондриялық функцияның жақсаруына ықпал ететін уролитин А деп аталатын зат бар екенін анықтады. Бұл эффект ағзаның қартаюын баяулатады. Сонымен қатар, шырын жүрек ауруларының да алдын алады.

Бұған дейін америкалық ғалымдар зімбір шайының қатерлі ісікке қарсы пайдасы туралы мәлімдеген.