Bugin
Назарбаеваның неге сенат төрағалығынан кеткені әлі белгісіз
Қазақстандық саясаттанушылар депутат қатарына қосылған Дариға Назарбаеваның биліктегі қазіргі мүмкіндігіне баға берді. Мұны Bugin.kz платформасы ИАЦ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Саясаттанушылардың айтуынша, Дариға Назарбаева сөзсіз саяси салмағы ауыр тұлғалардың бірі. Сондықтан онымен депутаттық корпус санасары хақ.
"Дариға Назарбаева (Нұр Отан) бұған дейін Мәжіліс вице-спикері, Сенат спикері болған беделді тұлға. Қазір қатардағы депутат болуға келіскенімен, ертең-ақ саяси карьерасы көтеріліп, аяқ астынан белді лауазымға ие болуы мүмкін. Қазақстанның саяси коньектурасы құбылмалы", - дейді саясаттанушы Андрей Чеботарев.
Ал саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, Дариға Назарбаева жақын арада мәжілістің Нығматуллиннен кейінгі екінші бас лауазымға көтерілуі мүмкін.
"Дариға Назарбаеваның не істейтінін көреміз. Бірақ менің ойымша, ол мәжілістің вице-спикері болуы мүмкін. Қатардағы депутат болса да, күші мығым, салмағы ауыр. Нұр Отан партиясының өзінде жақтастары көп әрі саяси ресурсы жеткілікті", - деп түйіндейді саясаттанушы.
Саясаттанушы Виктор Ковтуновтың айтуынша, Назарбаеваның неге сенат төрағалығынан кеткені әлі белгісіз.
"Мәжілістің жаңа құрамындағы ең танымал, беделді адамдар – бұлар Дариға Назарбаева мен президен Тоқаевқа жақын Ұлттық кеңес мүшелері (Айдос Сарым, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Қанат Нұров – ред.). Төрт саясаттанушыны да бекіткен – Тоқаев. Ал Дариға Назарбаева бұрын сенат спикері болғаны белгілі. Бірақ оның ол лауазымнан кетуіне не себеп болғаны әлі белгісіз. Оны түсіндірген жан болмады", - дейді ол.
Айта кеткен жөн, Дариға Назарбаева мәжіліс сайлауынан кейін депутат боп сайланған болатын. Қазақстандық БАҚ оны мәжіліс төрағасы болады деп топшылағанымен, олай болмады. Назарбаева қатардағы депутат тізімінде қалды.
Тағы оқи отырыңыз