Bugin

Илон Маск 100 млн долларлық жарыс жариялады

Tesla және ЅрасеХ компанияларының негізін қалаушы қомақты қаражат беруге дайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск көмірқышқыл газын ұстау мен сақтаудың ең жақсы технологиясын жасаушыны іздейді. Өнертапқышқа 100 млн доллар төлеуге дайын. Ол өзінің Twitter парақшасында сайыс жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

«Мен көміртекті ұстаудың ең жақсы технологиясы үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін» деп жазды Маск. Сондай-ақ, келесі аптада ұсыныстың егжей-тегжейін айтуға уәде берді.

Көміртекті ұстау және сақтау дегеніміз – көмірқышқыл газын (СО2) өнеркәсіптік және энергетикалық көздерден бөлу және атмосферадан ұзақ мерзімді оқшаулау. Бұл процестің мақсаты – жаһандық жылыну және қоршаған ортаның ластануымен күресу.