Әлем жаңалықтары
Бұл туралы Жапония үкіметі хабарлады
Жапон үкіметі 2021 жылы Токиода өтуі тиіс олимпиада ойындарын кейінге шегерді. Оның себебі – әлемдік пандемия. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Times газетінің хабарлауынша, жапондықтар олимпиаданы қайта өткізу мүмкіндігін сақтауды да жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Жапония үкіметінің айтуынша, барлық қауіп сейілгеннен кейін, келесі олимпиада ойындарын 2032 жылы өтуі тиіс.
Жапония Коммунистік партиясының жетекшісі Кадзуо Сии жазға дейін вакцина салу, коронавирустан арылу мәселесі аяқталмайды деп санайды. Негізгі оппозициялық Конституциялық-демократиялық партиясының төрағасы Юкио Эдано да осындай пікірді ұстанады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты ол келесі жылға ауыстырылды. Яғни 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына. Сонымен қатар, "Токио-2020" ойындарының атауы сақталуы керек болған.