Қоғам
Зейнетақыны мерзімінен бұрын 23 қаңтардан бастап ала алады
Қазақстанда зейнетақыны мерзімінен бұрын 23 қаңтардан бастап ала алады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Отбасы банкі" зейнетақы жинағы 23 қаңтарда өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосатыны туралы айтты.
Банк өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.
"ЭЦҚ арқылы немесе өзге электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинетті ашу және арнайы шот ашуға өтінім беру қажет. Өтініш беруші арнайы шотты уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге тәсілмен аша алады. Арнайы шотты ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электронды өтініштерді толтырыңыз", - делінген банк хабарламасында.
Айта кету керек, биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.