Білім және ғылым

Екінші болма

Қуаныш Шонбайдың "Екінші болма" кітабы жайлы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

  Мотивация – адамға өзі жақсы көрер істі бастауға берілетін шабыт. Ал ол шабытты қайдан іздейміз? Шетел жазушыларының мотивациялық кітаптарынан ба? Ол елдің менталитеті бізге сәйкес келеді ме? 
    Әрине, олай емес. Қазіргі таңда елімізде де өз жетістіктерінің қыр-сырымен бөлісетін бизнес-мотиваторлар жетерлік. Әсіресе, Қуаныш Шонбай ағамыздың есімің жиі естиміз. Қуаныш Шонбай – ауқымды бизнеске сегіз жылдай дайындалып, екі жылдың ішінде орасан зор пайдаға қол жеткізген әрі өз-өзін жеңген адам. Ағамыздың көптің көңілінен шыққан кітабы " Екінші болма" деп аталады. Бұл кітап нағыз өзінің кәсібін бастағысы келіп жүрген әрі өз-өзін таба алмай жүрген барша жанға арналады. Кітаптың берері мол екендігі тақырыбынан-ақ көрініп тұрғандай. Бұл кітаптан жас кәсіпкердің не болмаса жәй ғана жұмысшының кім болу керектігі емес, қалай болу керектігі нақтыланып көрсетілген. 
   Оқырман ретінде айтарым, кітапты оқығанда ағамыздың өзіменен тілдескендей әсер алдым. Себебі, кітап қарапайым әрі оқырманға эмоция сыйлай алады. Қуаныш Шонбай ағамыздың да көп ізденісте болғандығы, өзі жазып өткендей 600-ден аса кітапты оқығандығынан-ақ байқалып тұр. 
   "Екінші болма" кітабы – автордың ізденістері, жинаған тәжірибелері мен жеткен жетістіктерінен туған қайталанбас туынды. Бұл кітапты барлықтарыңызға оқуға кеңес берер едім.