Роналду футбол тарихындағы ең үздік шабуылшы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік шабуылшы атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

    Роналду 2021 жылдың 20 қаңтарында "Наполиге" қарсы Италия Суперкубогының финалында өз мансабындағы 760-шы голын салды. Осылайша чехословакиялық шабуылшы Джозеф Бицанға тиесілі рекордты жаңартты. Джозеф Бицан 1931-1955 жылдар аралығында 759 гол соқты.

    Роналду 64-минутта "Наполи" қақпасына соққы берді. Португалдықтар бұрыштан кейін жақын қашықтықтан гол соқты. Ойын соңында екінші голды Альваро Мората соқты. Нәтижесінде "Ювентус" 2:0 есебімен жеңіске жетті.  Италия Суперкубогын тоғызыншы рет жеңіп алды. Атап айтқанда, Криштиану Роналду лиссабондық "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус", "Португалия" командаларының құрамында 1036 матч өткізді.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61