Bugin
Қытайдың ісі - ақымақтық
Ақ үй жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Эмили Хирн қытай үкіметінің салған санкциясы жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, қытай билігінің АҚШ-қа қарсы салған санкция ақымақтың әрі нәтижесі жоқ шара. Мұны Bugin.kz платформасы Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми өкіл сонымен қатар Республика және Демократия партияларын Қытай үкіметінің бұл әрекетін сынауға шақырды.
"Американың қос партиясы да қытайдың бұл әрекетін сынауы қажет. Президент Байден партия басшыларымен бірігіп, Қытай үкіметіне тойтарыс беруді ойлап отыр", - деп мәлімдеді ол.
Айта кеткен жөн, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео қытай үкіметін "Шыңжаң өлкесіндегі геноцидін тоқтатқан жоқ" деп айыптап, санкцияны күшейтетінін мәлімдеген.
Қытай билігі де тосылып қалмады. АҚШ әкімшілігінде жүрген 22 шенеунікті қара тізімге енгізді. Оның ішінде Дональд Трамп пен Майкл Помпео да бар.