Bugin
Робот-итті Boston Dynamics шығарған. Бұл туралы Ресей Сбербанкінің телеграм-каналында хабарланды
"Сбербанк Boston Dynamics алғаш жасаған роботты көрсетті. Ол білім беру мен зерттеу мақсатында алынды" деп түсіндірілді. Басты мақсат – роботтың мінез-құлқын зерттеу, робот пен адам міндеттерін шешу.
Boston Dynamics Spot роботтарымен танымал. Ол мұнай қондырғыларында жұмыс істеу үшін қолданылады. Робот алғаш рет 2020 жылдың жазында сатылымға шықты. Біреуінің құны 74,5 мың АҚШ долларын құрайды. "Hyundai" жыл соңында Boston Dynamics компаниясын сатып алды. Компания 1,1 миллиард долларға бағаланды.