COVID-19
"Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер" деді әнші
Коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді. Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.
Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар!", - деген Беспаев қолдау білдірген және тілектес болған барлық қазақстандыққа алғыс айтты.
Айта кетейік, 17 қаңтарда Мейрамбек Беспаевтың Covid-19 вирусын жұқтырып, реанимация бөліміне түскені хабарланған. Артынша, “Музарт” тобының директоры Ерлан Жүнісов ақпаратты растады.