Bugin

Дәрігер Алмаз Шарман ковид вакцинасын салдыру жайлы пікір білдірді

Вакцина салдыру дұрыс па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Медицина ғылымдарының профессоры Алмас Шарман қоғамда қызу талқыланып жатқан коронавирус вакцинасы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, вакцина – медицина саласының ірі жетістіктерінің бірі. Сондықтан оны салдырмау – жауапсыздық.

"Өзім иммунолог болғандықтан, вакцина өндірісіне қызығушылығым басым. Қазір екпенің түр-түрі шығып жатыр. Оның бәрін мұқият қарап, бақылап жүремін. Вакцинаның қай түрін алсаңыз да пайдалы. Әрине, 100 пайыз нәтиже бермеуі мүмкін. Бірақ сонда да белгілі бір дәрежеде пайдасын тигізетін ем. Өзінің тиімділігін талай дәлелдеген. Мен екпе салдырмаған мемлекеттің халқы қалай қиналып, аурудан көз жұмып жатқанын көрген адаммын. Қазірдің өзінде қаншама бала егілмеудің кесірінен дифтерия, сіреспе сынды аурулардан көз жұмды. Сондықтан қалай десеңіз де, вакцинаны қолдаймын", - деп түсіндірді профессор.

Сөз барысында коронавирус вакцинасы жайлы да пікір білдірді.

"Өзіме де, балаларыма да вакцина салдырғанмын. Ковид вакцинасы шықса, оны да салдырамын. Қазір мұндай вакциналарды мұқият зерттеп жатырмын. Қазақстан осы бағыттағы жұмысын тездетсе екен. Израиль қазірдің өзінде халықтың 25 пайызын вакцинамен қамтыды. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда, бұл ауруды толық жоямыз. Пандемия ұзаққа созылмайды. Қазірдің өзінде Қазақстанда ұжымдық иммунитет қалыптасып келе жатқаны байқалады", - дейді дәрігер.