Bugin

Мұқағалидың туғанына биыл 90 жыл толды

Мұқағали әрқашан да "Ғасыр ақыны" болып қала бермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұқағали Мақатаев – қазақтың мәртебесі асқақ лиригі hәм мұзбалақ ақыны. Саналы ғұмыры 90 жастың жартысындай болса да, қалдырған мұрасы мәңгі өлмек емес.

Жан тазалығы, жүрек сырлары ақынның әр шығармасынан көрініс табады. Қазақ сөз өнерін жоғары деңгейге жеткізіп, жыр шумақтарымен әрлеп кеткен ақынның мерейтойы – барша халыққа ортақ ұлы той. 

2021 жылы Мұқағали Мақатаевтың қайталанбас туындылары тағы да өмірге келгендей болары сөзсіз. Көреген ақынның шындықпен өрілген шығармалары әлі күнге лирикалық мазмұнымен ерекшеленеді.

"Ғасыр ақыны" атағы ақын өлгенімен қалдырған мұрасы үшін берілді. Бұл атақ әлі бірнеше ғасыр бойы күшін жоймақ емес. Мұқағали Мақатаевтың артынан ерген ұрпақтары, еңбегін бағалар ұлты тұрғанда, ақынның өнер жолы мәңгі жалғаса бермек.