МӘДЕНИЕТ
"3-Маралтай оқулары" өткен болатын. Ақындар жарысында жүлделі орын алып берген осы бір жүрек жарды өлеңімді оқып шығыңыздар
Өмір – айна, ай бетінің көзіндей.
Басшы сайла тура жолда өзіңдей.
Біз адамбыз бағынғандай жер-көкке
Һәм алтындай, Маралтайдың сөзіндей.
Аспанында қазақ халқын жайлаған
Аққу құстай жыр үнімен сайраған
Кім болды екен екі-үш ақын көктегі,
Жыр қанатты Кентавр ақын сайлаған?
Сарқырап аққан бұлақтың
Бір толқыны сен едің.
Шындық пенен ақиқат
Өң бойыннан көргенім.
Бір өзіңді өлеңің мен
Жырларыңа лайықтап,
«Кентавр» емес
«Кең тағдыр» ақын дер едім.
Жырларыңның көп бөлігі Ай мен Нұр.
Осы атау бір өзіме сай кеп тұр.
Айталық ойды дәлдігінен басайын
Иландырмас мендік шыққан бос сөз құр.
Айдың әсем қасындағы жұлдызымын.
Еркелеген аппақ көңіл құндызымын.
Жыр жолдарын жырларыммен жалғастырар
Маралтайдың ақын жүрек бір қызымын.