МӘДЕНИЕТ
Нәзік жүректен шыққан жүрек жарды шумақтар!
Жан-тәніңді билейтін ол – билеуші.
Өткір сөзбен тұла-бойды түйреуші.
Әрқашан да тура жолды сілтейтін,
Қиындықта көмек берер жебеуші.
Асыл жүрек алдамайды ешкімді.
Шындықты да айқын берер кескінді.
Абай айтқан үстемдігі басым деп,
Ақыл тіпті қайрат та одан сескенді.
Асыл жүрек шуағымдай нұрымның,
Қырға біткен қыр гүліндей қырымның.
Бейнесіндей тұңғиықта тығылған,
Мөлдір таза сынығындай сырымның.
Жүрегінен шыққан сөздер сиқырлы.
Орын табар әр жүректен сан қырлы.
Тап бір осы шынайылық белгісі
Өзгертеді сан алуан тағдырды.
Тыңда әркез,тыңда жүрек сырларын.
Қабылдай біл өмір берген сындарын.
Тіпті ақын шын жүректен арнайды,
«Жүрек» жайлы толғанысын, жырларын.