Экономика

Экономист: Қазақстан мен Ресейге ортақ валюта енгізу бізге шығын

Доллардан бас тарту қиын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірнеше елге бірыңғай ортақ валюта құру – экономикалық және саяси мақсат үшін қажет нәрсе. Алайда Еуразиялық Экономикалық одақ елдері үшін мұндай валютаның саяси да, экономикалық та пайдасы жоқ. Есесіне, зияны шаш-етектен.

Мұны Wall Street Invest Partners аналитигі Данияр Жүмекенов Stanradar сайтына берген сұхбатында айтты.

Экономисттің айтуынша, егер ЕЭО-қа ортақ валюта шығарылса, ол ең алдымен рубльдің бағамына байланған болады.

"Ал одақ мүшелері тәуелсіздігінен айырылғысы келмейді. Оның үстіне, ұлттық валютасының рубльге байланғанын қаламайды. Елдегі национализм де бұған жол бермейді", - дейді Данияр Жүмекенов.

Тағы бір мәселе – доллардан бас тарту мәселесі. Егер Ресей доллардан толық бас тартқан болса, Қазақстан мен Қырғызстан доллардан бас тартқанымен, сауда-саттығын америка валютасымен жүзеге асырады. Яғни, доллардан бас тартуы әлсіздеу.

"Оның үстіне, көрші елдер ресейдің рубліне сенбейді. Кез келген уақытта құлдырауы мүмкін. Қазақстан – халықаралық экономикаға ашық мемлекет. Бір ғана валютаға байланып қалғаны Қазақстанға тиімді емес. Оның орнына теңге валютасына басымдық бергені абзал", - дейді экономист.