COVID-19
Коронавирустың жаңа түрі Қазақстанда тіркелген бе? Мамандар жауап берді
Коронавирустың «британдық» штаммы Covid-19-дан да қауіпті екені хабарланды. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді деп жазады Bugin.kz платформасы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Джонсонның мәлімдемесіне сәйкес, вирустың бұрынғы штаммынан мың адамның оны жан тапсырады, ал жаңа түрінен 13-14 адам.
Бұған қоса елдегі вирустың жаңа түріне қарсы Pfizer және AstraZeneca вакциналары тиімді екені айтылды.
Айта кетейік, британдық ғалымдар желтоқсан айының соңында вирустың жаңа түрін тапқанын мәлімдеді, ол бұрынғы вирусқа қарағанда 50-70 пайызға жұқпалы. Британияда штамм қарашада жиі таралды, тіпті Еуропаға да кірді.
Ал Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, Қазақстанда әлі күнге дейін «британдық» штамммен инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмеген.