Қазақстан жаңалықтары
Алматы әкімдігі 1 жарым миллиард долларға крематорий салғызып жатыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы қаласында крематорий құрылысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланды деп жазады Bugin.kz платформасы.
Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы «Mega Build Kazakhstan» ЖШС-мен келісімге келді. Ақын Сара көшесінің солтүстігіндегі крематорий құрылысы келісімшартқа сәйкес 2021 жылдың 20 қыркүйегінде аяқталуы шарт.
Құрылыс құны – 1 311 780 000 теңге. Келісімшарттың өзі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды және екі жылдық кепілдігі бар.
Крематорий мемлекеттік бюджет есебінен салынбақ. Крематорий екі пеші бар бір бөлмеден тұрады. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу 2020 жылдың жазында басталды, оған 46,8 млн теңге бөлінді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу порталына бұл құжаттамын жүктемеген. э
Қазақстанда крематорий салу турасында 1987 жылдан бері талқыланып келеді. 2011 жылы "Жерлеу қызметтерінің арнайы комбинаты" ЖШС крематорий жобасын жасап, құрылысты қабылдауға дайын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізді. Алайда жоба тоқтап қалған.