Bugin

Қазақстан ТМД елдерінен көлік ұрлауға қарсы бірікпек

Депутат қарауына ұсынылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл жайлы ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бюро отырысында депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды.

Атап айтқанда, ТМД қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.  

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бар.