Bugin
Портал ашық
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, бүгін сағат 09.00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды.
"Портал тұрақты істеп тұр. Өтінімді ноутбук/компьютер арқылы жолдауға болады. Смартфон арқылы өтінім берілмейді. Өтінімді жолдау үшін ЭЦҚ болуы керек", - делінген Telegram каналдағы хабарламада.
"Осы бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар бірыңғай зейнетақы жинағы қорындағы өзінің жинағын есептеуі керек. Одан кейін "Отбасы банкінде" немесе өз қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден арнайы шот ашуы керек. Үшінші қадам: 23 қаңтардан, сағат таңертеңгі 09.00-де "Отбасы банкте" порталы ашылды. Сол порталға азаматтар өзінің электронды қолтаңбасы арқылы кіреді. Ол порталға азаматтар жеткілікті деңгейден артық соманы қай мақсатқа пайдаланатынын көрсетіп, өтінім береді. Ал өтінім зейнетақы қорына жолданады. Бес күннің ішінде ол жақтан жауап келіп, мақұлданғаннан кейін азамат "Отбасы банктің" порталы арқылы растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен реквизиттер бойынша сатып алушыға, не болмаса ипотеканы өтеуге жолдайды", - деп түсіндірді "Отбасы банкі" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.
Азаматтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін:
- кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде немесе акт болған кезде көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасу кезінде;
- жер учаскесін сатып алуды қос алғанда жеке тұрғын үй салу үшін толық есеп айырысу кезінде;
- ипотекалық қарыз алу, тұрғын үйді сатып алу, берешекті өтеу, банктер арқылы ипотеканы қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарна ретінде;
- тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі бойынша жер учаскесін сатып ала отырып, тұрғын үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға арналған ипотека бойынша берешекті алу, қайта қаржыландыруды өтеу кезінде;
- Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде үй сатып алу және осындай қаржыландыру бойынша берешекті өтеу кезінде;
- тұрғын үй құрылысы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен берілген баспананы ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті өтеу үшін пайдалануына рұқсат етіледі.