Bugin
Демалмай суретке түскен
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com17 қаңтар күні ақпараттық сайттардың бірінде жиырмадан астам адам қатысқан Семей қалалық мәслихатының депутаттары түскен фотосурет жарияланды. Фотосуретте депутаттар маскасыз және әлеуметтік арақашықтықты сақтамай тұрғаны анық көрінеді. Бұл жайлы Altaynews.kz хабарлайды.
"Қазіргі уақытта жеке тұлғадан түскен шағымда көрініс тапқан осы факті бойынша Семей қалалық СЭБ басқармасының лауазымды тұлғалары іс жүргізуде, оның нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", - деп хабарлайды СЭҚ-тің баспасөз қызметі.
Ал мәслихат хатшысы маскасыз суретке түскен сәтте депутаттар дем алмай түскенін айтады.
Сондай-ақ, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайға қатысты пікір білдірген кезде бұқаралық іс-шараларға әлі де тыйым салынғанын, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтық басты талаптардың бірі болып қала беретінін ескертеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61