Bugin

Карта бұғатталған кезде не істеу керек? Сарапшылардың пікірі

Бұғаттау себебі көп емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Сіздің картаңыз бұғатталған". Мұндай хабарлама дүрбелең тудырып, есеңгіретіп жібереді және көптеген сұрақтар туындайды.

Онда менің ақшам қайда? Карта не үшін бұғатталған? Енді не істеу керек? Бұғаттаудың себептері онша көп те емес: банк Сізді алаяқтық әрекеттерден қорғауға тырысады немесе Сіз бір нәрсені бұздыңыз. Біз карталарды бұғаттау және оны жою тәсілдері туралы тәжірибемізбен бөлісеміз.

Керек болған жағдайда бұғаттау

Өзіңізді банктің орнына қойып көріңіз: Сіз клиенттерге қамқорлық жасап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіңіз керек. Бірақ кенеттен Сіз күдікті әрекеттерді байқайсыз: карта бойынша барлық операциялар Қазақстан Республикасының аумағында, содан кейін бір рет – басқа елден жасалады. Кейде бірнеше сағат қана айырмашылығы болуы мүмкін. Банк мұны күдікті операция деп санайды және керек болған жағдайда, картаны да, операцияны да бұғаттайды.

Шын мәнінде, иесі демалуға кетіп, қонақ үйдегі кофе үшін төлем жасауы мүмкін.

Егер шетелдік сапарға шыққан кезде алғашқы төлем жасау барысында карта бұғатталған болса, алаңдамаңыз – бұл қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істегенін көрсетеді.

Ағылшын тілінде тіліңді «бұрап», қызарып-қысылмас үшін, ертерек дайындалып, банкке елден тыс жерге шығатыныңызды ескерткеніңіз дұрыс.

Егер олай жасамаған болсаңыз, сол жерден тікелей банкке қоңырау шалып, өзіңіздің картаның иесі екеніңізді және әрбір операцияның мақұлданғанын растауыңыз қажет.

Ереженің аты ереже

Картаны ала отырып, клиент пен банк тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін шарт жасасады. Егер клиент шарттың талаптарын орындамаса, онда банк картаны бұғаттауға құқылы.

Картаны бұғаттау жағдайлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптардың 80-тармағында жазылған.

1. Иесі ұрланғаны немесе жоғалғаны туралы хабарлады. Егер сіз күйеуіңіздің немесе ата-анаңыздың картасын қолдансаңыз, ең алдымен, олардың бастамасы бойынша ақшаны пайдалана алмайтыныңызды нақтылаңыз.

2. Карта ұстаушы шарт талаптарын орындамайды. Мысалы, ол "пластикті" үшінші тұлғаға берді немесе заңсыз кәсіпкерлік қызметтен кіріс алады.

Шартқа қол қоймас бұрын оны оқып шығу керек. Сонда жағымсыз тосын жайттар да аз болады.

Заңның аты заң

Банк заңды орындау үшін карта бойынша шығыс операцияларына шектеулер қоюы мүмкін.

1. Уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімі бойынша. Мысалы, салықты төлемегені үшін, тергеу жүргізу уақытында, алаяқтыққа күдіктенгендіктен және т. б.

2. Соттың немесе сот орындаушыларының бастамасы бойынша.

3. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті тарапынан. Егер банктің клиенті қылмыстық жолмен алынған қаражатты жылыстату және терроризмді қаржыландыру әрекеттеріне күдіктенсе, онда ол "қара тізімге" енгізіледі және карта бойынша шығыс операцияларын бұғаттайды. Бұл клиентке тән емес ірі сомадағы операциялар, ҚР ҚМ ҚМК тізіміндегі адамдардың немесе ұйымдардың пайдасына жасалатын операциялар болуы мүмкін.

Жалақы карталары үшін ерекше жағдайлар жоқ. Банк оны кез-келген басқа карталар сияқты бұғаттайды.

Егер карта бұғатталған болса, не істеу керек

Ең алдымен, себебін анықтау үшін банкке қоңырау шалу керек. Маңыздылығы: алаяқтардың құрбаны болмас үшін, тек қаржы ұйымының сайтынан ресми нөмірлерге ғана қоңырау шалу керек.

Бұдан әрі бұғаттау себебіне байланысты әрекет жасау керек: уәкілетті органға жүгіну, шоттағы ақшаның заңды шығу тегін растайтын құжаттарды банкке ұсыну және т. б.

Бұғаттаудағы ең жағымсыз нәрсе – адам белгісіз бір уақытқа дейін ақшасыз қалады. Кейде істі қарау апталар бойы жүргізіледі.  Күнкөріс шегіне жетпеу үшін, әр түрлі банктерде бірнеше шоттарыңыздың немесе қолма-қол ақшаңның болғаны жақсы.

Егер бұл болмаса, онда Сіз кепілсіз микрокредит ресімдеңіз.  Бұл уақытша қаржылық қиындықтарды достарыңыз бен мен туыстарыңыздың қатысуынсыз, өз күшіңізбен шешуге көмектеседі.

Ең бастысы – қарыз бойынша төмен пайызбен немесе жеңілдікті кезеңі бар қолайлы микроқаржы ұйымын таңдау, бұл ақшаны артық төлемсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Алаяқтардың көзіне түсу тәуекеліне жол бермей, сайттан сайтқа кірмеу үшін, бірнеше МҚҰ ұсыныстары бір параққа орналастырылған сервисті пайдаланған артық. Мысалы, Smartzaim.kz сайты. Әрбір ұйым сайт әкімшілігінің тексеруінен өткен және клиенттер арасында жоғары беделге ие.