Bugin

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады

UFC-257 турнирі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жексенбі, 24 қаңтарда таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

UFC-257 турнирі Абу-Даби қаласында өтеді. Қазақстандық спортшының бұл жолғы қарсыласы – швед азаматы Амир Альбази (13-1).

Жалғас Жұмағұловтың кездесуі шамамен 05.00-ден кейін (Нұр-Сұлтан сағатымен) басталады.

Тікелей трансляцияны UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.

Айта кеткен жөн, Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші айқасы. Алғашқы жекпе-жегінде ол Раулиан Пайвадан (20-3) жеңіліп қалған болатын.

Бұл турнирде сонымен қатар Конор Макгрегор (22-4) мен Дастин Порье (26-6-1) кездеспек.