Әлем жаңалықтары

“Бірі үміт еді, бірі нашақор”. Танысып қойыңыздар, Бұл – Байденнің отбасы

АҚШ президенті Джо Байденнің негізінде 4 баласы бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызы Наоми 1 жасында көлік апатынан шетінеп кеткен. Апат салдарынан Байденнің 2 ұлы да зардап шекті, бірақ аман қалды. Ал қалғандары кім?

Үкілеген үміт еді, сөнді

Джозеф Робинетт Байден немесе жай ғана Бо Байден АҚШ президентінің үлкен ұлы әрі әкесінің үкілеген үміті еді. Иракта соғыста болды, заң саласында түрлі жетістікке қол жеткізді.

1995 жылдан бастап АҚШ Әділет министрлігінде қызмет етті. 2003 жылы әскерге кетті, өз міндеттерінен бөлек заңның сақталуын қамтамасыз етті. Кейін үлкен саясатқа қадам басты. 2006 жылы Бо Байден Дэлавер штатының бас прокуроры болды. 2008-2009 жылдары бас прокурор Иракқа соғысқа аттанды.  

Қысқасы, әке жолын жалғар талапты перзент болды. Бас прокурорлықтан соң Дэлавер штатының губернаторлығына үміткер еді. Алайда тағдыры қайғылы аяқталды. 2015 жылы 46 жасында онкологиядан жан тапсырды.

“Ұлымыз Боның қазасынан кейін бақытты бола алмаспын деп едім. Жаздың ыстық кезі болса да жанымыз жаурап жүрді. Жерлеу рәсімінен соң 4 күн өткеннен кейін Джоның костюм киіп, өз-өзін қолына алғанын байқадым. Еңсесін көтеріп, жарыққа шықты. Жұмысына қайта оралды. Тірі адам тіршілігін жалғастыратынын білді. Ол сондай адам”, - деді бірінші леди Джилл Байден.

Нашақор, бұзақы Хантер

Бо Байден әкесінің мақтанышы болса, екінші ұлы Хантер отбасына тек қиындық тудырған.

Хантер Бодан бір жасқа кіші. Алғашында жөні түзу жігіт болған екен. Заң жолында қызметтер атқарды, оқыды, заң ғылымдары кандидатының дәрежесін алды.

Оқуын аяқтаған соң-ақ банкке жұмысқа тұрды, жалақысы – жылына 100 мың доллар. Мансабы өсті, қарапайым кеңесшіден вице-президентке дейін көтерілді. Алайда артынан қаңқу сөз де көп еді. Хантердің жетістігін көре алмағандар “тегінің арқасында көтерілді” деген сөз тасыды арада. Ол кезде әкесі Демократиялық партияның лидері әрі Сенаттағы заң комитетінің төрағасы еді.

Карьерасы биікке өрлей бергенде Хантер, керісінше, кері кетті. Лоббизммен айналыса бастады. Алкогольде құмарлығы оянды. Әкесінің тегін шындап пайдалануға кіріседі. Ақшаның буынан шыға алмайды. Сөйтіп есірткі де пайдаланып көреді. Қысқасы, жолынан адасады.

“Бәрінің өмірінде қиындық бар. Бәрінің жаны жаралы. Әр отбасында тәуелділік бар. Мен сол қараңғылықтың ішінде болдым. Шығарға жол таппадым. Бітпейтін туннель. Шығудың жолын іздейсің, бірақ қолыңнан келмейді”, - деді басынан өткен қиындықтар туралв Хантер. Әрі әкесінен де отбасындағы берекесіздіктер үшін кешірім сұраған еді.

Алайда есітркіден бас тарта алмады. Тәуелділіктің кесірінен әскерден қуылды, сотталып кетет жаздады. Әрі ағасы “Боның жесір әйелімен қатынаста болған деген” қауесет халықты Хантерден одан сайын алшақтатты.

Әрі Байденнің бұзақты ұлын полиция да аңдып жүрген көрінеді. Жақын арада ол түрмеден бірақ шығуы мүмкін. Не болмаса, ендігі президент әкесіне әлі талай залалын тигізеді.

"Үнсіз" Эшли

Қызы, 39 жастағы Эшли әлдеқайда қарапайым, жарыққа шыққанды ұната бермейді. Саясатқа араласқан жоқ, әкесінің қызметін пайдаланған жоқ.

Тек бастауыш сынып оқушысы болған шағында Эшли жануарларды қорғау үшін косметикалық компанияларға хат жазған болатын. Әкесінің сөзінше, Эшлидің сол әрекеті дельфиндерді қорғау туралы заңның өзгеріуіне әсерін тигізді әрі заңды АҚШ Конгресі қабылдады.

Қазіргі уақытта кедей америкалықтардың өмірін жақсартуды мақсат тұтыпты. Америкаға қосқан үлесі болмаса да, штаб арасында танымал әрі тұрғындарына сыйлы.

Соңғы жылдары өзінің жеке брендін қалыптастырды. Алайда қайырымдылық істері қалыс қалған жоқ. Сән апталығынан түскен табысын кедей америкалықтардың керегіне жұмсап жүрді.

Болашақта да саясатқа араласқысы жоқ. Тыныш, жайлы өмірді жаны қалайды.