Bugin

Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік қандай?

Елге импортталатын автомобильдердің ішінде көшбасшысы қайсы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінше, 2020 жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА хабарлайды.

2020 жылы төртінші тоқсанда көліктер ең көп сатылған кезең болды. Жылдың соңғы айларында 29 465 автокөлік сатылды және олардың басым бөлігі Hyundai және Chevrolet үлесіне тиесілі.

Жалпы жыл қорытындысында Hyundai көш бастап келеді. Дилерлер 17 856 автомобиль сатты (өткен жылдың нәтижелеріне +20%). Lada әзірге екінші орында тұр - өткен жылы 17 453-і (+14%) сатылды. Елге импортталатын автомобильдердің ішінде көшбасшысы – Toyota.

Жапон маркасының дилерлері Қазақстанда 10 081 автомобиль (-29%) сатты және Бішкекте 596 көлік (+86%) сатты. Наурыз айында басталған Chevrolet сатылымы жоғары қарқынмен артып келеді, 2020 жылдың 9 айында 10 029 автомобиль өткізілді (+1097%).

Ravon бесінші орында, былтыр бұл брендтің 7 137 седаны сатылған. Алтыншы орында Kia - 6 004 авто (+60%). Renault өткізілген 2 599 көлікпен(+0,2%) жетінші орында тұр.

Көрсеткіштері өткен жылмен бірдей. Сегізінші орында JAC - 2 519 (+80%). 2020 жылы ең көп сатылған көліктердің алғашқы ондығын: Nissan (2 438 көлік; +3%) және Volkswagen (2 427 көлік; +44%) түйіндеді.