Білім және ғылым

Журналистика факультетіне қалай оқуға түсуге болады?

Міндетті екі пәнді ойдағыдай тапсырып шығуыңыз қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистика факультеті қазір даму жолына түсті. Оған түсетін түлектердің де саны жылда артып жатыр.

Ендеше сізді журналистика факультетіне түсу қызықтырса, келесідей кеңес береміз.

1. Университет таңдаңыз.

ҰБТ-да 5 пән таңдайтын оқушылар кез келген 4 оқу орнына өтінім берсе, журналистика факультетіне тек қана 1 университетті таңдай аласыз. Сол себепті сізге мына бір университеттерді ұсына аламын.

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ)

2) Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ)

3) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті (ҚарМУ)

4) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Үниверситеті (ЕНУ)

2. ҰБТ

Журналистика факультетіне түсу үшін сіздің ҰБТ-дағы 5-ші пәніңіз маңызды емес. Міндетті екі пәнді ойдағыдай тапсырып шығуыңыз қажет. Олар:

- Оқу сауаттылығы;

- Қазақстан тарихы.

3. Шығармашылық емтихан

ҰБТ тапсырғаннан кейін міндетті түрде таңдаған оқу орныңызға барып, шығармашылық емтихан тапсырыңыз. Бармас бұрын талаптарын біліп алған жөн. Емтихан 2 кезеңнен тұрады.

Біріншісі, шығарма жазу. Сіздерге міндетті тақырыптар беріледі және соңғы тақырып – еркін. Яғни, бірінші тур жазбаша өтеді.

Екіншісі, әңгімелесу. Мұнда сіздерге сұрақтар қойылады. Қосымша өзіңізбен портфолио апару керек. Порфолиоға мыналар кіреді:

- Журналистика жолындағы мадақтама, алғыс хаттар;

- Жарияланған мақалалар;

- Сұхбат болса, фотосуреттер.

Бұл білім деңгейі мен тәжірибенің дәлелдері болмақ. Ақпарат пайдалы болды деген үміттемін.