Журналист маманы

Журналист қазіргі таңда ТОП-5 мамандықтың ішіне кіретін табысты, білікті, жоғары бағаға ие маман. Оны меңгеру үшін арнайы оқу орнын оқу міндетті емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам журналист болу үшін ең алдымен өзіне мақсат қоя білу қажет. Әрі сол бағытқа қарай жоспар құру керек. Мысалы мен журналист болғым келеді. Ал, енді ойланып өзіме  «журналист болу үшін не істеу керек?» деген сұрақты қоямын. Кезек-кезек бірнеше себебін жазамыз.

1. Журналистикаға қатысты кітап оқу.

2. Белгілі журналистердің сұхбатын қарау.

3. Вебинарға жазылу.

4. Форумдарға қатысу.

5. Жазу стилімізді жөндеу.

6. Нақты әрі дәл сөйлеу.

7. Айнамен жұмыс істеу.

8. Мақала жазу.

9. Пост жазу.

10. Шығармалар оқу.

11. Сөздік қорды көбейту.

12. Өзімізді дағдыландыру.

     Жазғанымыздың барлығын бірнеше күнге бөліп тастаймыз. Жоспар жасап, әр күнде әр іспен жұмыс жасаймыз. Бір орында тоқтап қалмай, әрі қарай іздену керек. Сол кезде мақсатқа жетеміз. Орындамаған жағдайда өзіңізге жаза қолданыңыз. Бұл әдіс сіздерге тиімді болады деген үміттемін. 

Өзіме ұнайтын пайдалы инста парақшаларды да ұсына кетейін.

@3nukte_

@byzhaz

@qadaz.media

@gulzat_writer

@zhadosh_