Bugin

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

YouTube арнасында жариялайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жаңа бейнебаянның тизерін жариялады.

"Жақында "Golden" әніне түсірілген жаңа бейнеклипім шығады. Ең алдымен #dears-қа қолдау көрсеткені үшін жіне менің жаңа туындымды әрқашан асыға күтетіні үшін алғыс айтамын", - деп жазды Д. Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Осы орайда ол аталған туынды YouTube каналында жарияланатынын атап өтті.

"Менің жаңа бейнеклипім жақсы әсерге бөлейді деп сенемін. Мен сіздерді YouTube каналымда күтемін. Шығатын күні жақын арада белгілі болады. Жаңалықтар назарларыңызда болсын!", - деді әнші.

Еске сала кетейік, 2020 жылы желтоқсан айында әнші "Мені сені сағынамын" әніне түсірілген бейнебаянын YouTube-тағы ресми арнасына жариялады.