Bugin

Марғұлан Сейсембай: Ресей сыйлауға тұрарлық іс жасады!

Өзін сыйлата алатын халық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпкер, белсенді Марғұлан Сейсембай Ресейдегі жаппай наразылыққа қатысты пікір білдірді. Мұны ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Кеше Ресей өзінің сыйлауға тұрарлық қалпын көрсетті! Күш көрсетуші құқық қорғау органдарының бүкіл Ресей ішінде ұйымдастырған бассыздықтарына қарамастан, Сахалиннен Санкт-Петербургке дейінгі ресей халқы Навальныйды қолдауға шықты. Әсіресе, 51 градустық аяз бен боранда шыққан Якутск ерекше таңғалдырды!

Бұл –  елдің Ұлы атануы үшін көрсетуге тиіс әрекеті, яғни, адами қасиеттердің ең жақсысын паш етуі. Осы арқылы өзгелер ол елді сыйлай алады және сыйлауы керек те. Бірақ ешқандай да аумаққа қатысты дау-дамай, қаруын сермеу немесе империялық кеудемсоқтық таныту бұл қатарға кірмейді", - деп жазды Сейсембай.

Айта кеткен жөн, кеше, 23 қаңтар күні Ресейде Навальныйды қолдаушы жұрт жаппай наразылыққа шығып, оны босатуын және РФ президенті Владимир Путинді биліктен кетуін талап етті. Халықтың жаппай көтерілуіне оппозиоционер Алексей Навальныйдың Путиннің жемқорлығы жайлы түсірген фильмі себеп болды.

Навальныйды қолдаушылар: Мәскеудегі наразылыққа 40 мың адам жиналды