Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com Адам баласы дүние есігін ашқанда қандай есім алса, өмірі де сол есімге байланысты болады екен. Сол себепті ата-бабамыз балаға ат қоюды маңызды ғұрып ретінде қабылдап, мейлінше балаға мәнді де мағыналы есім қоюға тырысады екен.
Сондай-ақ халқымызда «Атына заты сай екен» деген мақтау сөз тіркесі бар. Мен осы бір сөз тіркесіне мысал ретінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты алар едім. «Нұрсұлтан» деген есімнің өзі айтып тұрғандай айналаға шуақ шашар «нұр» мен ел басқарар әділ «сұлтан» деген тіркестерден құралған. Ата тектің өзін алар болсақ, «Назарбай» халықтың назарына бай деген мағынаны білдіріп тұр. Жалпы осы есімді алған Елбасымызды шынымен де атына заты сай адам деп айта аламыз. Осы күнге дейін осы бір «Нұрсұлтан» деген есім біраз ұл балаларға қойылып келді және қазір де қойылып жатыр. Елбасымыздай болсын деген ниетпен ата-аналар өз балаларына осы есімді қуана-қуана береді. Меніңше бұл есім жеке бренд болып қалыптаса алды. Себебі оған дәлел білдей бір бас қаламыздың атауы деп ойлаймын.
Елбасымызды үлгі тұтып, өз есімімізге сай болайық. Әр адам өз есімін бренд ете отырып, тарихқа атын қалдыруы мүмкін. Ол үшін тек атыңа затың сай болсын!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61