МӘДЕНИЕТ

Өлең туралы өлең

Ұйқас пен сөз, пікір мен ой

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шабыт, шабыт келмейді сұрағанға.
Білмеймін бұл өмірім бұралаң ба?
Ақынның ақындығы ұстағанда,
Шашылар өлең-жырлар бұл алаңға.
Тағы себеп өлеңнің тууына,
Ақ қағаз, көк сиямен жуылуға,
Сабырмен шыққан өлең керемет-ақ
Басқасы соқтырады булығуға.
Мақсаты бар өлеңнің орын табу.
Орынға апаратын жолға бару.
Жол – тамыр, ал орын – жүрегіміз,
Жібітер сол жүректі қалам – қару.
Өлеңді өлеңменен өрнектеймін,
Жырларды жырларыммен жалғағандай.
Өлеңсіз адамдардан жер-көктеймін.
Ақындық бұл әлемде қалмағандай...

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61