Саясат

Полиция қызметкері Навальныйды қолдағаны үшін жұмыстан қуылды

Ол "абыройсыз қылығы үшін" жұмыстан шығарылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде Алексей Навальный мен өзге "саяси тұтқындарды" қолдап, әлеуметтік желіде видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Руслан Агибалов 22 қаңтарда Youtube желісінде видео жариялаған соң бір сағат өтпей жатып "абыройсыз қылығы үшін" жұмыстан шығарылған. Ол Мәскеудің оңтүстік-батысынан 460 шақырым жердегі Курск қаласының полиция қызметкері болған.

Шамамен 30 мың рет көрілген видеода Агибалов елде билікті сынағандардың қатаң қудаланып жатқанын алға тартып, балаларының болашағына алаңдайтынын жеткізген.

"Мен сонымен бірге балаларым өскен кезде "әке, біздің еркін әрі ауқатты елде өмір сүруіміз үшін не істедің?" деп сұраған кезде жауап таба алмай, қиналғым келмейді" деген.