Саясат
Бас прокурорға хат жолдады
Соңғы бір аптаның ішінде әнші әрі композитор Гаухар Әлімбекованың сотталғаны туралы ақпарат жарқ етіп, бүкіл қазақ жұртының ойын екіге бөлді. Халықтың сүйікті әншісі, алаяқтық үшін сотталып жатса, әрі өзін кінәсіз деп отырса неге 6 жыл беру керек деген ұсыныстар айтылса, енді бірі әнші болса да, патша болса да заң алдында бірдей деген ойлар да шықты.
Қазір ел ішінде әншілерден бастап қоғам қайраткерлеріне дейін Гаухар Әлімбекова үшін арша түсіп, жазаны қайта қарастыруын сұрап жатыр. Соның ішінде әнші, жыршы, қоғам қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты әрі депутат Бекболат Тілеухан да өзінің араша түскен хатын ҚР-ның Бас прокурорына жолдаған екен. Хат үлгісі төменде: