Bugin
Көпшілік естімеген сирек кездесетін мамандықтар топтамасы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com1. «Көз жасын сатушылар»
Шығыс елдері аза тұту шарасына кәсіби қайғырушылар шақырады. Бұл театрлық қойылым емес, мәдени дәстүрдің бір бөлігі. "Жылаушы" болу үшін алдымен арнайы емтихан тапсыру керек.
Міндеті: көз жасын сату, аза тұту, эмоцияларды ашық көрсету.
Орташа жалақы: бір жылағаны үшін 8 500 тг (20$)
2. «Веб-бағбан»
Бұл – IT саласындағы мамандық. Бағбан бақшаны арам шөптерден тазартады. Ал веб-бағбан сайтта қажет емес сілтеменің көбеюіне жол бермейді. Сонымен қатар сыртқы түрін өзгертеді.
Міндеті: ақпаратты өңдеу, байланысқа бейімділік, шығармашылық қабілетті көрсету.
Орташа жалақы: 52 000-86 000 тг (124-205$)
3. «Тренд-хантер»
Көше, субмәдениет және басқа да ортадан жаңа трендті іздейтін мамандық.
Міндеті: аса мұқият және сезімтал болу, әлемдегі барлық жаңалықты бақылау.
Орташа жалақы: 210 000 тг (500$)
4. «Пингвин аударушы»
Антарктидада пингвиндер ұшақтың көтерілуі мен қонуын бақылауды ұнатады. Олар басын қатты шалқайтатыны соншалық, арқасымен құлайды екен. Осыдан соң құс өздігінен тұра алмайды. Бұл жағдайда адамдардың көмегі қажет.
Міндеті: пингвиндердің аяғына тұруына көмектесу, табиғатқа деген махаббат, зоология, биология, география негіздерін білу.
Орташа жалақы: 797 000 тг (1 900$)
5. «IT-дәрігер»
IT-дәрігер – заманауи технологияларды жетік меңгерген маман. Медициналық мәліметтер базасын жасайды және оларды басқарады. Болашақта онлайн сервиске өзіңіздің әл-ауқатыңызды дауыстай аласыз. Ол бірден емделу жолын береді. Дәрі-дәрмекті жазып, үйге жеткізіп береді.
Міндеті: үлкен деректермен жұмыс істеу, медициналық ақпаратты талдау, медициналық жабдықтарға арналған бағдарламалық жасақтама дайындау.
Орташа жалақы: 569 000 тг (1 355$)