Bugin
Ашаршылық жасаған - байлар
"Қазақстанда ашаршылық болған жоқ". Бұл – тарихшы Дмитрий Верхотуров жазған кітап. Ақпаннан бастап сатылымға шықпақ. Қоғам белсенділерінің бір тобы бұл кітаптың сатылымына тыйым салуда талап етуде.
Қоғам белсендісі, саясаттанушы Мұхтар Тайжанның жазуынша, Қазақстанда мұндай "кітап" пайда болғаны масқара жағдай.
Мұндай ұран біздің ұлттық намысымызға тиеді, біздің әруақтарымызға түкіргенмен тең. Яғни, шовинизмнің басы қайта көтеріліп жатқанын дәлелдейді. "Қазақта Ашаршылық болған емес" дейді мына "автор"! Не деген сұмырайлық! Әй, мәңгілік импотент идеологтар! Қазақты қорлайтын мұндай кітаптар пайда болғаны – сендердің кінәләрің! Ашаршылық болмаса 31 мамырды неғып атап өтіп жүрміз? Не үшін ескерткіштерді орнаттық? Қазақтың намысын таптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етем! – деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.
Ал ресей тарихшысы Дмитрий Верхотуровтің жазуынша, Қазақстанда аштық ұйымдастырған большевиктер емес, қазақтың өзінің байлары.
"Кеңес үкіметін құрғысы келген топтың қатарына қосылып, өзіне бағынбай кеткен жалшы-жақыбайларды жазалау үшін байлар кедейлердің малы мен нанын тартып алды. Ал қазақ националистері мұны мойындағысы келмейді", - деп жазады Facebook-те.