Bugin

17 жастағы баланың өзін-өзі өлтіруі кездейсоқ видеоға түсіп қалған

Жас жігіттің құлаған сәті көлікпен өтіп бара жатқан адамдардың видеожазбасына түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семейде 2003 жылы туған жігіт көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға кезінде өтіп бара жатқан куәгер бұл қайғылы кадрларды кездейсоқ түсіріп алған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға 22 қаңтар күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт ұзақ ойланбай, көпірдің ортасына дейін жүріп, содан кейін қоршаудың үстіне шығып, құлап өлген.

Сол күні Семей орталық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық негізінде жүргізіліп жатыр. 

 «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды», - деп хабарлады департамент.