Bugin

Ұлыбританиялық коронавирустың фотосы жарық көрді

Борис Джонсон коронавирустың "ұлыбританиялық" түрі бұрыннан белгілі вирустарға қарағанда қауіпті деп мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Роспотребнадзор ғалымдары алғаш рет коронавирустың "ұлыбританиялық" штамын микроскоппен суретке түсірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Вирустың микроскоппен түсірілген фотосуреті жаңа коронавирус нұсқасының құрылымдық ерекшеліктері мен зертханадағы жануарларды қолдана отырып, жасушалық дақылдар мен эксперименттік модельдегі көріністерін зерттеу аясында алынды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұлыбританиялық ғалымдар 2020 жылы желтоқсан айының соңында вирустың жаңа түрін тапқанын мәлімдеген. Ол белгілі коронавирус түріне қарағанда 50-70 пайызға жұқпалы. Штамм өткен жылдың қарашасында Ұлыбританияда таралды және Еуропа елдерінде де байқалды.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустың "ұлыбританиялық" штамы бұрыннан белгілі вирустарға қарағанда қауіпті деп мәлімдеді