Қазақстан жаңалықтары
Ата-анаға баланың қайда екенін қадағалайтын мобильді қосымша іске қосылады
ҚР Ішкі істер министрлігі 2021 жылы «Найди меня» («Мені тап») балалар қауіпсіздігі жүйесін іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл баланың қайда тұрғанын бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша деп хабарлайды Bugin.kz.
«Қосымша ата-ананың смартфонына орнатылады. Ал трекер баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне бекітіледі. Егер баламен байланыс жоғалса, ата-ана қосымшада трекер маягын іздеу режимін қоса алады. Сонымен қатар, жүйе жедел басқару орталығымен байланысады. Демек баланы іздестіру туралы сигнал автоматты түрде полицияға түседі», - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз 25 қаңтар брифинг барысында.
Бұдан басқа, көшелер мен қоғамдық орындарда шұғыл шақыру «SOS батырмасы» пайда болады. Оның көмегімен құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге, полициядан көмек сұрауға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ «102» мобильді қосымшасын енгізу жоспарланып отыр. Оған да құқық бұзушылық жайлы хабарлауға болады.