Bugin
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚасым-Жомарт Тоқаев Су кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды bugin.kz платформасы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген Ақорданың сайтында.
Бұдан бұрын Сенаттың жалпы отырысында айтылғандай, қазір ауыз суға тарифтер қалаларға қарағанда ауылдарда жоғары. Себебі ауылдардың географиялық алыстығы, халықтың тығыздығының төмендігі және басқа да факторларды ескере келе сумен жабдықтау инфрақұрылымын салу қымбатқа шығады. Аймақтардағы судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет көтереді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61