Bugin
Олар жеке құпияларының сақталмағанына қапалы
Соңғы 3 аптада WhatsApp сервисі 30 миллионнан аса қолданушысынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Сонымен қатар, қазір шамамен 25 миллион пайдаланушы Telegram, ал тағы 7,5 миллион қолданушы Signal сервисін қолданады.
Айта кетейік, Signal-ды бірнеше жыл бұрын АҚШ-тан қашқан ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден "ең қауіпсіз бағдарламалардың бірі" деген болатын.
Пайдаланушылардың WhatsApp платформасынан бас тартуы – қызмет көрсетудің нашарлауынан деп көрсетеді.
Көптеген қолданушы бұл мессенджер жеке мәліметтерді өздерінің бас компаниясына жіберіп жүргенін түсінді.
Бастапқыда WhatsApp мессенджерінің қызмет көрсету саласындағы өзгерістер 2021 жылдың 8 ақпанында күшіне енуі керек еді. Алайда пайдаланушылар санының азаюына байланысты оларды енгізу 15 мамырға ауыстырылды.